25.09.2014

Үрумшінің көрмесі

 

Үрумшінің көрмесі

«Баян Сұлу» акционерлік қоғамы Ресейдің Москва қаласында 2014 жылғы 15-18 қыркүйек аралығында өткен 23-ші халықаралық «World Food Moscow 2014» көрмесіне қатысты. Биыл бұл көрмеге әлемнің 73 елінен 1600 компания өз өнімдерін әкелді.
         Мұндай үлкен көрмелерге қатысу бізге өз өнімдерімізді көрсетуге, ал біздің тұтынушыларымызға және қатардағы сатып алушыларымызға тәттілеріміздің дәмін татуға және оған баға беруге мүмкіндік береді. «Баян Сұлу» тәттілерін халық таниды, жақсы көреді және өнімдеріміз Москвадан Қиыр Шығысқа дейінгі нарықта өз позициясын нығайта түсуде.  
Көрмеге қатысқанымыз үшін біздің фабрика сертификатпен марапатталды.