Астана қаласындағы “Қазақстанда жасалған – 2015” көрме.
2015 жылдың 3 шілдесінде «Баян Сұлу» АҚ Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев келіп көрген отандық тауар өндірушілердің «Қазақстанда жасалған» көрмесіне қатысты.
Бұл шара «Жергілікті құрамды дамыту бойынша “NADLoC ұлттық агенттігінің” бастамасымен өтті.
Көрмеге еліміздің барлық аймақтарынан 80-нен аса компания өз өнімдерін қойды. Келушілер назарына тамақ, фармацевтика, жеңіл және ауыр өнеркәсіптерінің өнімдері ұсынылды.
Көрменің негізгі мақсаты – жаңа кәсіпорындар, жаңа өндірістік желілер, жаңғыртудың жаңа бағыттары және өндірілетін өнімдерді ұлғайту. Бәрінен бұрын көрме өзінің тұрғындар алдындағы отандық тауарлар мен кәсіпорындар туралы ақпараттандыру міндетін ойдағыдай орындады.
Қол жеткен жоғары табыстары үшін және көрмеге белсенді қатысқаны үшін біздің фабрика мақтау грамотасымен аталып өтті.