InterFood Siberia-2014
«Баян Сұлу» АҚ кондитерлік фабрикасы 2014 жылдың 21-23 қазаны аралығында Ресейдің Новосибирск қаласында өткен тамақ өнімдері, сусындар, ингридиенттер және жабдықтардың «InterFood Siberia-2014» 24-ші көрмесіне қатысты.
Көрмеге Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Литва, сондай-ақ Аргентина, Болгария, Греция, Қытай, Түркия, Франции және Оңтүстік Корея елдеріне 150-ден аса компания қатысты.
Көрме өткізу кезеңінде келушілер мен қатысушылар жаңа өнімдермен танысып қана қоймай, өздеріне ұнаған тәттілердің дәмін татып оларды сатып алуға мүмкіндіктері болды. Көрме барысында Новосибирск және жақын жатқан Ресей облыстары аумағында өнімді өткізу бойынша келіссөздер жүргізілді, ингридиенттер мен кондитерлік өнеркәсіпке арналған шикізаттар, буып-түюлер, коррекстер, жабдықтар шығаратын өндірушілермен кездесулер болды. Жарнама және көлік логистикасы бойынша қызмет көрсетулер ұсынылды.
«InterFood Siberia-2014» көрмесінде ұсынылған экспозицияның өзектілігі мен кәсібилігі үшін «Баян Сұлу» АҚ сертификатпен марапатталды.