11.02.2019

Ростовтың сәлемімен

Баян Сұлу кондитерлік фабрикасының өнімін Қазақстан Республикасында ғана емес, шетелде де ұнатады. Мысалы, біздің көршілеріміз Ресей Федерациясында Баян Сұлу тәттілерін өте ұнатады. Өнім өндіру үдерісін жақсы түсіну үшін, сатылатын өнімнің сапасына асқан сенімділік білдірту үшін біздің Ростов-на-Дону қаласындағы серіктестеріміз «ГК Марина» ЖШҚ коммерциялық директоры Михаил Васильевич Чонка; Евгений Южный, Яна Бухова, және Краснодар қ. сауда өкілі Галина Первушина танысу мақсатында фабриканы қарап шықты және өндіріс үдерісінің заманауи жабдықта ұйымдастырылған деңгейіне таңғалды. Енді фабрика мүдделерін ұсыну оларға оңай болады, себебі Баян Сұлу өнімінің сапасын өз көздерімен көріп шықты.