2017 жылғы 6-10 ақпан аралығында Мәскеу қаласының «Экспоцентр» орталық көрме кешенінде Азық-түліктің, сусындардың және оларды өндіруге арналған шикізаттың «Продэкспо-2017»
2017 жылғы 6-10 ақпан аралығында Мәскеу қаласының «Экспоцентр» орталық көрме кешенінде Азық-түліктің, сусындардың және оларды өндіруге арналған шикізаттың «Продэкспо-2017» атты 24-ші халықаралық көрмесі болып өтті және оған әлемнің 57 елінен келген 2178 компания қатысты. Аталған көрме қатысушылар мен қонақтарды кең ауқымды экспозициясымен, мінсіз ұйымдастырылуымен және мазмұнды іскерлік бағдарламасымен қайта қуантты. «Продэкспо-2017» халықаралық көрмесінің 28 тақырыптық салоны отандық және шетелдік өндірушілердің азық-түлігі мен сусындарының барлық спектрін көрсетті. 383 экспоненттен құралған ең ірі салон – «Баян Сұлу» компаниясы қатысқан «Кондитерлік өнімдер. Нан-тоқаш өнімдері» салоны болды. Стендіміздің дизайнын әзірлеу кезінде «Баян Сұлу» АҚ-ның жаңа логотипі мен фирмалық түстері қолданылды, соның арқасында барлық стендтің стилі өзгертілді және көрмеге келген адамдар тарапынан жағымды пікірлер көптеп айтылды. Көрме жұмысы барысында біздің компанияның стендіне 500-ден астам серіктес және әлеуетті клиент келіп кетті. Біздің фабриканың кондитерлік өнімдеріне қызығушылықтың артуы, ұсынылған жаңа өнімдердің алуан түріне және кең ауқымды сұрыпталымға, сондай-ақ компаниямыздың халықаралық сахнада орнаған бекем іскерлік абырой-беделіне байланысты болып табылады. Біздің компанияның қызметкерлері көрмеден азық-түлік нарығының өзекті ойыншылары тарапынан ұсынылған табысты бизнестің тексерілген рецепттерін ала келді.
«Продэкспо-2017» көрмесінің шеңберінде «ҮЗДІК ӨНІМ – 2017» беделді Халықаралық Байқауы болып өтті және осы байқауда «Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасы өзінің «Баян Сұлу Premium» шоколады мен «Скифтер Алтыны» шоколады үшін лауреат атанды. Ұсынылған шоколадтың жоғары сапасы үшін, біздің компаниямыз күміс медальмен және дипломмен, сондай-ақ көрмеге қатысқанымыз үшін алғыс хатпен марапатталды.