12.11.2012

«Продсиб/InterFood Novosibirsk-2012» көрмесі

«Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасы 2012 жылдың 30 қазаны мен 2 қарашасы аралығында Жаңасібір қаласында (Ресей Федерациясы) өткен «Продсиб/InterFood Novosibirsk-2012» көрмесіне қатысты.

Ағымдағы жылы компаниямыз Жаңасібірлік «Опт Сибирь» ЖШҚ-мен тығыз қарым-қатынаста. Осы байланыстың арқасында аталмыш аймақта фабрика өнімі айтарлықтай танымал. Көрме қатысушыларының пікірлеріне сүйенсек, өнімнің безендірілуі мен сапасы жоғары бағаға ие болды. Көрме жұмысы кезінде біздің өнімге қызығушылық танытқан әрбір адам дәмін татып, сатып алуына мүмкіндік туды. Әсіресе, «Казахстанский» и «BS» шоколадтары мен кәмпит, карамельдер үлкен сұранысқа ие. Көрмеге белсенді қатысқаны үшін фабрикаға сертификат табыс етілді.