18.02.2016

«Продэкспо -2016»

«Продэкспо -2016»
«Продэкспо -2016»

«Баян Сұлу» АҚ кондитерлік фабрикасы Ресейдің Москва қаласында 2016 жылдың 8-12 ақпан аралығында өткен 23-ші халықаралық «Продэкспо -2016» көрмесіне қатысып қайтты. Бұл көрме әлемнің 65 елінің өнімдері қойылған тамақ өнімдерінің дәстүрлі көрмесі. Көрмелерге қатысудың бірнеше жылдық тарихы бар «Баян Сұлу» АҚ мұнда өзіндік орны бар, сенімді, өркендеп өніп келе жатқан компания ретінде көрсете білді. Біздің стендке 500-ден аса серіктестер мен тұрақты клиенттеріміз келді. Мұндай масштабтағы көрмеге қатысудың өзі сапа көрсеткіші болып саналады, ал «Баян Сұлу» АҚ кондитерлік өнімдеріне деген өсіп келе жатқан қызығушылықты біздің жүйелі түрде шығарылатын өнімнің жиынтүрі мен буып-түюін жаңартып, жаңғыртып отыруымызбен байланыстырамыз.
«Продэкспо -2016» көрмесі шеңберінде  кәсіби беделді «Лучший продукт 2016» конкурсы ұйымдастырылды, оған «Баян Сұлу» белсенді түрде қатысты. Жоғары дәм сапасы, буып-түю дизайны үшін күміс медальмен және дипломмен келесі өнімдер аталып өтті: «BS Classic» шоколады, «Мичелада» карамелі, «Бота Шоколад&вафли» дражесі. 
Көрмеге қатысқандығы үшін «Баян Сұлу» АҚ алғыс хатпен марапатталды.