23.12.2011

Жаңа ұжымдық келісім қабылданды

2011 жылдың 23 желтоқсанында «Баян Сұлу» АҚ еңбек ұжымында әлеуметтік пакет мазмұнын құрайтын кәсіпорын қызметкерлерінің ұсыныс-пікірлері қамтылған жаңа Ұжымдық келісім қабылданды.

Аталмыш құжатты талқылау мен қабылдау бойынша конференцияға 90-нан астам қызметкер атсалысты, ол жерде Ұжымдық келісім тарапынан жасалынған есеп беру баяндамалары тыңдалды. Жаңа ұжымдық келісім-шартта осыған дейін қолданыста болған құжаттардың барлық ережелері сақталды. Экономикалық қиын жағдайға қарамастан, басшылығымыз әлеуметтік жеңілдіктер жиынтығын өзгеріссіз қалдырғаны қызметкерлер үшін қуантарлық жәйт.