Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің «Баян Сұлу» АҚ танысуы
Қазақстан Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қостанай облысы бойынша 2018 жылғы 25 мамырда өткен жұмыс сапары шеңберінде бір қатар өндіріс кәсіпорындарының және нысандарының, соның ішінде «Баян Сұлу» АҚ да жұмысымен танысты.
Премьер-Министр «Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасына жұмыс сапары барысында 2017 жылы іске қосылған Кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде екі жаңа өндіріс желілерімен танысты. «Баян Сұлу» АҚ басшысы Т. Садықов кейінгі даму стратегиясы және кәмпит өндіру жөніндегі инновациялық технологияларды пайдаланумен жаңа жабдықты ағымдағы жылы іске қосу туралы хабарлады.