14.01.2014

«Новогодняя Сладкая сказка Королевство BS»

«Новогодняя Сладкая сказка Королевство BS» «Новогодняя Сладкая сказка Королевство BS»

2014 жылдың 23 желтоқсанында облыстық орыс драма театрында  «Новогодняя Сладкая сказка Королевство BS» атты Жаңажылдық спектаклдің алғашқы қойылымы болып өтті. Қойылымның бас демеушісі «Баян Сұлу» АҚ кондитерлік фабрикасы.
Тамаша декорация, ашық та әрлі костюмдер мен актерлердің жалынды ойыны ең кішкентай көрермендерді ғана емес олардың ата-аналарын да таң-тамаша етті.
Спектаклден соң театр қызметкерлері  өздерінің қонақтарына тағы да бір тосын сый дайындаған екен. Театрдың бас дәлізінде оларды Аяз Ата мен Ақшақар қатысқан жаңажылдық карнавал, сондай-ақ «Баян Сұлу» АҚ ұжымының дайындаған тәттілері күтіп тұрды.
«Новогодняя Сладкая сказка Королевство BS» спектаклі  2014 жылдың 23 желтоқсанынан 2015 жылдың 5 қаңтарына дейін өтті.
Жаңажылдық бұл спектаклдің барлық мерзімі ішінде театрға 7000-нан аса жас көрермендер келді.