Наурыз және киіз үйлер байқауында І орынға ие болды
2013 жылдың 22 наурызында Қостанай қаласының еңбек ұжымдары арасында Наурыз мерекесіне орай киіз үй байқауы ұйымдастырылды.
Ол жерде «Баян Сұлу» АҚ та өз киіз үйін тіккен болатын. Ұйымдастырушылардың идеяларына сәйкес фабриканың ұлттық тұрғын үйі неміс үлгісінде жабдықталды. Бұл мереке күні киәз үйдің есіктері барлық адамдарға ашық болды, байқау нәтижесінде «Баян Сұлу» АҚ І орынға ие болып, тарихи-мәдени мұраларды насихаттауда орасан зор үлес қосқаны үшін облыс әкімі атынан дипломмен марапатталды.