08.12.2016

Қазақстан дүкендерінің сөрелерінде «Қауіпсіз Жаңа жыл» жаңа жылдық сыйлықтары пайда болады

Қазақстан дүкендерінің сөрелерінде «Қауіпсіз Жаңа жыл» жаңа жылдық сыйлықтары пайда боладыҚазақстан дүкендерінің сөрелерінде «Қауіпсіз Жаңа жыл» жаңа жылдық сыйлықтары пайда болады

Жаңа жыл әлемдегі ең керемет және көптен күтетін мереке, әсіресе оны барлық балалар ерекше жүрегі тулап күтеді. Сондықтан осы мерекені жарқын, ұмтылмайтын, және ең бастысы қауіпсіз ету өте маңызды. 
Астана тұрғындарының назарын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға аудару мақсатында ұйымдастырылған «Қауіпсіз Жаңа жыл» акциясы аясында астаналық ТЖ департаменті «Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасымен бірлесіп ТЖ комитетінің эмблемасы және «Қауіпсіз Жаңа жыл» жазуы бар балаларға арналған жаңа жылдық сыйлықтардың топтамасын шығарды. Тәтті сыйлықтарға құтқару қызметтерінің нөмірлері және ескерту сипатындағы тақпақтар көрсетілген картон сызғыштар салынған. Акция халық арасында өрт қауіпсіздігі мәдениетін арттыру және жазатайым оқиғаларды болдырмауға бағытталған.