«Баян Сулу» АҚ кондитерлік фабрикасы 2015 жылғы қыркүйектің 14 мен 17 аралығында Москва қаласында өткен 24-ші халықаралық «World Food Moscow 2015» көрмесіне қатысып қайтты.
Біздің стенд көпшіліктің назарын өзіне аудардырды. Біз келіушілермен қарым-қатынас тудыра отырып, бұл көрмені потенциалды серіктестермен кезесу платформасына айналдыруға тырыстық. Біздің өнімімізді Ресейде жақсы біледі, дегенмен олардың нарығындағы өзіміздің мүмкіндіктерімізді арттыра түсуіміз керек. Көрмеде бірнеше жыл бірге жетістіктерге жетіп жүрген серіктестерімізбен қатар жаңа клиенттермен де қатынас орнаттық.
«World Food Moscow» көрмесі өнімді сату көлемін артыруға және нарық географиясын кеңейте түсуге өзінің ықпалын тигізері анық.
Көрмеге белсенді қатысқанымыз үшін біздің фабрика сертификатпен марапатталды.