22.09.2011

«World Food Moscow 2011» азық-түлік және сусындардың халықаралық көрмесі

«Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасы World Food Moscow 2011» азық-түлік және сусындардың халықаралық көрмесіне қатысты.

Көрме 13-16 қыркүйек аралығында Мәскеу қаласында «Экспоцентр» ОКК-де өтті. Көрме қатысушылары іс-шара барысында фабрика өніміне аса қызығушылық танытты. Өнімнің көркем безендірулері мен сапасына көрмеге келген көрермендер өз бағасын берді. Бұл іс-шара Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық, саяси және мәдени байланыстарды одан әрі дамытуға, нығайтуға септігін тигізді.