«ПРОДЭКСПО-2011» азық-түлік және сусындардың халықаралық көрмесі
«Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасы 2011 жылдың 7-11 ақпаны аралығында Мәскеуде «Экспоцентр» ОКК-де өткен «ПРОДЭКСПО-2011» азық-түлік және сусындардың халықаралық көрмесіне қатысты.
Мұндай іс-шараларға қатысуда «Баян Сұлу» қазақстандық фирмасының өнімін Ресей Федарциясының бірқатар аймақтарында тануға мол мүмкіндік беретіні сөзсіз. Айта кететін жәйт, қатысушылар мен келушілер тарапынан фирманың ұсынған өнім сапасы туралы көптеген оң пікірлер айтылды. Бұл көрме науқаны Қазақстаннан тыс жерлерде фабрика өнімін жүзеге асырушы әріптестер ортасын кеңейтуге жол ашатыны белгілі.