«Баян Сұлу» АҚ кондитерлік фабрикасы 2015 жылдың 9-нан 13 ақпанына дейін Москва қаласында өткен 22-ші халықаралық «Продэкспо -2015» көрмесіне қатысып қайтты.
«Баян Сұлу» АҚ кондитерлік фабрикасы 2015 жылдың 9-нан 13 ақпанына дейін Москва қаласында өткен 22-ші халықаралық «Продэкспо -2015» көрмесіне қатысып қайтты.
«Продэкспо-2015»-ның 100 мың шаршы метр аумаққа орналасқан жиырма екі тематикалық салондары отандық және шетелдік тамақ және сусын өнімдерінің барлық саласын паш етті.
Ресейдің тамақ және қайта өңдеу салаларының 1270 аса компаниялары өздерінің қол жеткен табыстарын көрсетсе, ал көрменің шетелдік бөлімі Ресей мен ТМД елдері нарығына әлемнің қызығушылығының түспегендігін анықтайтын 65 елдің екі мыңнан аса фирмаларының өнімдері мен технологияларын таныстырды.
Ресейге қарсы санкцияларға байланысты қазіргі туындап отырған жағдайлар тұрғысында көптеген шетелдік фирмалардың өкілдері бұл көрмені өздеріне туып отырған жаңа мүмкіндіктер ретінде қараған сияқты.
«Баян Сұлу» АҚ кондитерлік фабрикасының өнімдері, әрине, тамақ өнімдері нарығында басты және қажеттілер санатында қалады және жыл сайын бізге деген қызығушылықтар арта түсуде. Біз іскер әріптестеріміз бен біздің стендті тамашалағандарға ризамыз және бәрін қуана қарсы аламыз.
Бұл көрме барлық қатысушылар үшін бенефис болды және импорталмастыру бағытының азық-түлік секторында зор ынтамен қабылданғандығын көрсетті.