«Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасы тағы Мәскеуде!
ПРОДЭКСПО 2020 – Ресей мен Шығыс Еуропада азық-түлік және сусындардың ең ірі халықаралық көрмесі.
Мұнда бүкіл әлемдегі азық-түлік көрсетілген: әр күндегі негізгі өнімдер мен сусындардан бастап таңдаулы деликатестерге дейін, сондай-ақ органикалық, спорт тағамы, салауатты өмір салты үшін, халал, кошер тағамы, экзотикалық тағамдар және, әдеттегідей, кондитерлік өнімдер.
Бұл азық-түлік және сусындар саласындағы аса мәртебелі жыл сайынғы оқиға және ол 25 жыл бойы көптеген елдердің тағамдық индустриясы дамуының бағдарын айқындайды.
Биыл «Баян Сұлудың» қабырғасы одан да артық қызыққыш адамдардың көңілін аударды.
Әр жыл сайын өнімдеріміздің экспорты өсіп келеді, ал біздің жаңа да жаңа әріптестеріміз біздің фабрика өнімінің сапасына да, сәнділігіне де көз жеткізеді!
Біздің фабрикамыздың осы көрмеге қатысуы әдеттегідей болып, қызметкерлеріміз көрмеге әр жолы жаңа тауар түрлерін әкелгеніне мақтан етеміз және біздің өнімдеріміз әрдайым әріптестеріміздің және тұтынушыларымыздың жоғары бағалауына ие болады.