11.09.2018

Қазақстан кондитерлерінің Форум

6 қыркүйекте Баян Сұлу кондитерлік фабрикасының аумағында Қазақстан кондитерлерінің Форумы өтті. Бұл екінші форум, алғашқы рет кондитерлер Алматыдағы Рахат фабрикасында жиналды, осы жолы кондитерлер мен қызметтің қаптама, май өндірісі; заңи қолдау және т.б. секілді салаларының өкілдері Қостанайда жиналды.

Қатысушылардың әңгімелейтін тақырыбы да болды: Баян Сұлу және Рахат кезекті түрде қол алысты және тауарлық белгілерді заңсыз қолдану мен өкінішке орай жиі орын алып, қазақстандық кондитерлердің ондаған жылғы қажырлы еңбегімен қол жеткізген кір шалмаған есіміне және беделіне зиян келтіретін өнімді бұрмалау кезінде жосықсыз өндірушілерге әсер ету механизмдерін талқылады.

ЭФКО компаниясы кезекті түрде Eurasia Foods өкілдері секілді майларды өңдеу және өндірудегі жоғары технологияларды көрсетті – соңғыларын сіз «Три желания» деген өнім арқылы біле аласыз.

Набережные Челныдағы Титов атындағы картон-қағаз комбинатының өкілдері, олардың Kagazy Recycling ЖШС әріптестері секілді технологиялық жаңалықтарды көрсетті – бір тонна жүкке шыдай алатын, картоннан жасалған тұғырықты елестетіп көріңіз!

Фабрикалар басшылары білім деңгейіне наразылық білдірді: жаңа бастап жүрген кондитерлерді іс-жүзінде жаңадан оқытуға тура келеді. Демекші, қазір Баян Сұлу қабырғаларында жаңа оқулық дайындалуда, өйткені қазір білім беру мекемелерінде студенттер білім алып жатқан оқулық ескі, сонау 60-шы жылдар үлгісінде.

Дүниежүзілік лобби – пальма мойының беделін түсіру туралы білу қызықты болды, ол шын мәнінде, басқасынан мүлде зиянды емес. Шын мәнінде, трансизомерлер – кондитерлік өндірісте қажетті қатты майларды алу үшін кез келген майды өңдеу нәтижесінде пайда болатын қанықпаған майлар зиянды – дәл осы жерде пальма майының артықшылықтары білінеді – ол бастапқыда жартылай қатты болатын майлардың бірі және оны өңдеу кезінде трансизомерлер айтарлықтай аз болады. Бұл туралы тұрғындарды ақпараттандыру қажеттілігі де күн тәртібінде болды.

Форумның аяғында қатысушыларға еліміздің өз уақытында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та келіп көрген ең заманауи кондитерлік цехтерінің бірі бойынша саяхат үлкен әсерін тигізді.

Талқылаулар, ғылыми іздестірулер, тәжірибемен алмасу, даулар, уағдаластықтар, үкіметке ұсынымдар – енді форум қатысушыларын толғандандыратын және жұмыс жасататын нәрсе көп.

Ашық ынтымақтастық, адал бәсекелестік және өзара көмек – еліміздің игілігіне экономикалық дүниежүзілік нарықта көшбасшылық жайғасымдарға басар жолда осылай ғана аман қалуға болады.

Ал Қазақстан кондитерлерінің форумы бұл – дұрыс бағыттағы үлкен қадам.