Оқушылардың республикалық олимпиадасына қатысу үшін саяхат жасау
Ағымдағы жылдың 15-19 сәуірі аралығында Қостанай қаласында жалпы білім беру пәндері бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасы өтті.
Оның 59 қатысушысы – Астана мен Алматы қалалары, барлық облыстардың үздік оқушы – зияткерлері қаламен танысу бағдарламасы аясында біздің ұйымды аралады. Балаларға жаңа шоколад цехы бойынша саяхат ұйымдастырылды, олар өздерінің жақсы көретін шоколадтары мен кәмпиттерінің өндіру процесін көрді. Кейін қонақтарға фабрика өнімінің тәттілерінен мерекелік дастархан жайылды. Өңіріміздің ең «тәтті» кәсіпорыны – кондитерлік фабрикасы балаларға естен кетпес әсер қалдырды деген үміттеміз.