03.10.2011

Астанадағы «Қостанай облысының мәдениеттер күні»

2011 жылдың 29 қыркүйегінде «Баян Сұлу» АҚ Астанада өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Қостанай облысының мәдениеттер күні» атты көрмеге қатысты.

Іс-шарада Қостанай, Қызылорда мен Оңтүстік-Қазақстан облыстарының ірі тауар өндірушілері ұсынылды. Көрмеге Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев қатысып, кәсіпорындардың жетістіктері Елбасы тарапынан жоғары бағаланды.