«Баян Сұлу» 1 тамыздан бастап қызметкерлердің еңбекақысын көтереді
«Баян Сұлу» фабрикасы – қазақстандық кондитер өнеркәсібінің көшбасшысы өз қызметкерлерінің еңбекақысын 2022 жылғы 1 тамыздан бастап 15-20 пайызға көтереді.
Компанияның барлық қызметкерлерінің еңбекақысы көтеріледі.
«Әлемдегі күрделі экономикалық жағдайына байланысты біздің мамандарымызды қолдау және жұмыс әрі өмір сапасын көтеру үшін еңбек жағдайларын жақсарту біз үшін өте маңызды» – деді «Баян Сұлу» АҚ Президенті — Басқарма Төрағасы Тимур Садықов.
«Баян Сұлу» АҚ осы жылдың сәуір айында қызметкерлердің еңбекақысын 10 пайызға көтергенін ескерту керек. Ал соңғы үш жылы компаниядағы орташа айлық еңбекақысының өсуі 40 пайызды құрайтын болған. Осыған қоса, 2021 жылы ішкі әлеуметтік бағдарламаларына арналған шығындар 240,6 миллион теңгені құрайды.
«Баян Сұлу» АҚ Қазақстандағы ең ірі кондитер өндірістерінің бірі, онда 300 артық өнім атаулары өндіріледі. Кәсіпорында 1500 артық адам еңбек етеді.