12.03.2025

«Баян Сұлу» АҚ 32-ші халықаралық «Продэкспо» көрмесінде

«Продэкспо» – бұл жай ғана көрме емес, әлемнің түкпір-түкпіріндегі азық-түлік өндірушілерін біріктіретін нағыз орталық. «Баян Сұлу» АҚ жыл сайын осы ауқымды шараға қатысып, әр жолы жаңа мүмкіндіктерге, таныстықтарға ие болады.

Біздің өнімдеріміз Қазақстанда ғана емес, шетелде де танымал. Мысалы, біздің вафлилеріміз ресейліктер мен басқа да ел тұрғындарының сүйікті тәттісіне айналды. Осындай көрмелердің арқасында біз ұлттық өнімдерімізді кеңірек таныстырып, жаңалықтарымызды ұсынып, серіктестер мен тұтынушылардың пікірін ести аламыз.

Биыл біз «Продэкспоға» дәмді жаңалықтарымызды алып келдік: «Бархан» және Peanut&Caramel батончиктері – жеңіл әрі тойымды тіске басар. Ыңғайлы, нәрлі және өте дәмді!

Біз Қазақстанды халықаралық аренада таныстырып жүргенімізді мақтан тұтамыз және жыл сайын өнімдерімізге деген қызығушылықтың артып келе жатқанына қуанамыз