19.07.2014

«Агроөндірістік форум-2014» Екатеринбург қаласында

«Агроөндірістік форум-2014» Екатеринбург қаласында «Агроөндірістік форум-2014» Екатеринбург қаласында

«Баян Сұлу» АҚ кондитерлік фабрикасы 2014 жылы 3-5 қыркүйек аралығында Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен «Агроөндірістік форум-2014» көрмесіне қатысты.
Бұл аймақтағы «Баян Сұлу» АҚ кондитерлік фабрикасының өнімдеріне күн санап қызығушылықтың артуы біздің өнімнің танымалдылығымен байланысты және «Баян Сұлу» бренді әрбір тұтынушы үшін сапа мен қайталанбас дәмнің кепілдігі. Көрмеге қатысушылар мен келушілер жаңа өнімдермен танысып қана қоймай олардың дәмін татып, сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Көрмеде «Казахстанский» желісінің шоколадына ерекше көңіл бөлінді, өйткені бұл өнім бұрыннан бері кең сұранымға ие.
«Казахстанский» 185 г. шоколадының жиынтығы «Өнімнің жоғары сапасы» номинациясында күміс медальмен және дипломмен аталып өтілді, ал біздің фабрика көрмеге қатысқандығы және белсенді жұмысы үшін дипломмен марапатталды.