17 мамыр күні «Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасының аумағында 2019 жылғы 9-ші маусымда өтетін Қазақстан Республикасының Президентін сайлау үшін үгіт жұмысы шеңберінде кездесу өтті.
Үгіт науқаны шеңберінде «Нұр Отан» партиясынан ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Республикалық штабының мүшелері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары: Майра Арапқызы Айсина, Мейрам Құдайбергенұлы Пішембаев, Артур Станиславович Платонов, Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев, Андрей Сергеевич Лаврентьев біздің фабриканы қарап шықты.
Кездесуде «Баян Сұлу» АҚ өндіріс меңгерушісі Наталья Николаевна Шаповалова сөз сөйлеп, өзінің әріптестерін Елбасының дана саясатын «Нұр Отан» халық партиясынан ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен жалғастыру үшін дауыс беруге шақырды.