Выставка в г. Ташкенте
«Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасы Өзбекстанның, Ташкент қаласында 2014 жылғы сәуірдің 2-нен 4-не дейін өткен 14-ші Халықаралық «WorldFood Uzbekistan 2014» көрмесіне қатысты.
Соңғы жылдары «Баян Сұлу» Өзбекстанның тұтынушыларымен белсенді қарым-қатынас жасауда. Біздің маркамыздың кондитерлік өнімдері мұнда бұрыннан танымал және жоғары сұранымды. Көрмеге қатысушылардың бәрі жаңа өнімдердің дәмін тату мүмкіндігін пайдаланып қана қоймай, оның көркемдік рәсімделуі мен сапасына баға берді.
Көрмеге қатысқандығы және белсенді жұмысы үшін біздің фабрика сертификатпен аталып өтті.
Бұл көрме ТМД елдері және алыс шетел арасында іскерлік қарым-қатынас орнатуға, оны дамытуға және тәжірибе алмасуға қызмет жасайды деген сенімдеміз.