21.04.2014

Көрме ара Астана

Көрме ара Астана

«Баян Сұлу» АҚ кондитерлік фабрикасы 2014 жылғы сәуірдің 16-нан 18-не дейін Астана қаласында өткен 16-шы Халықаралық «InterFood Astana 2014» көрмесіне қатысты. 
Бұл шараның беделдігін қатысушылар географиясының аумақтылығы көрсетіп тұр: Белоруссиядан, Германиядан, Италиядан, Қазақстаннан, Қытайдан, Кореядан, Қырғызстаннан, Латвиядан, Ресейден, Украинадан, Өзбекстаннан келіп қатысқан компаниялар өздерінің соңғы жетістіктерін ұсына білді. 
Біздің стендті жақын және алыс шетел қонақтары келіп тамашалады, сондай-ақ біз өзіміздің потенциалды әріптестерімізбен және дистрибьюторларымызбен  жүздесуге мүмкіндік алдық. 
Көрмеге қатысқандығы үшін біздің компания дипломмен марапатталды, сондай-ақ біз «Ең үздік дизайн» бәйгесіне қатысып 1-орынды жеңіп алып, дипломға ие болдық.