«Дүкен.Қонақ үй. Мейрамхана» атты көрмесі
«Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасы 2012 жылдың 20-22 наурызы аралығында Екатеринбург қаласында өткен «Дүкен.Қонақ үй. Мейрамхана» атты көрмесіне қатысты.
Бұл аймақта біздің өнім алғаш рет ұсынылды, десек те, фабрикамыздың кондитерлік өнімдері кеңінен танымал екені белгілі. Көрме қатысушыларының пікірлеріне сүйенсек, өнімнің безендірілуі мен сапасы жоғары бағаға ие болды. Екатеринбург тұрғындары жақын арада фабрикамыздың өнімдеріне қол жеткізетін болады. Көрме жұмысына белсенді қатысқаны үшін фабрикамыз дипломмен марапатталды.