Астана қаласындағы «InterFood Astana 2015» көрме.
«Баян Сұлу» АҚ кондитерлік фабрикасы Астана қаласында 2015 жылдың 28-30 мамыр аралағында өткен 17-ші Қазақстандық халықаралық «Тамақ өнеркәсібі» көрмесіне қатысып қайтты.
Биыл бұл көрмеге Қазақстаннан басқа Австрия, Әзірбайжан, Беларусь, Болгария, Германия, Греция, Италия, Қытай, Ресей, Сербия, Тайланд, Украина, Швеция және Оңтүстік Корея секілді әлемнің 15 елінің 100-ден аса компаниялары қатысты.
Көрмеге қатысушылар мен оған келген 1000-нан аса қонақтардың өнімдерге деген, жаңалықтарға деген қызығушылықтары айқын байқалды. Әсіресе «Казахстанский» маркасымен шыққан өнім қатысушылардың зор ынтасына бөленді. Бұл өнімнің дәмін татуға әрбір келушінің мүмкіндігі болды.
Біздің компания көрме ұйымдастырушылары «Жергілікті құрамды дамыту бойынша «NADLoC» ұлттық агенттігімен» бірлесе өткізген «Қазақстанда жасалған» акциясына қосылды.
Көрмеге қатысқандығы және ең үздік стенд дизайны үшін біздің фабрикаға дипломдар мен ескерткіш сыйлықтар табыс етілді.