23.02.2015

ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ БОЙЫНША МИНИСТР БАСТАҒАН ЖҰМЫС ТОБЫ «БАЯН СҰЛУ» АҚ КОНДИТЕРЛІК ФАБРИКАСЫНДА БОЛЫП КЕТТІ.

ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ БОЙЫНША МИНИСТР БАСТАҒАН ЖҰМЫС ТОБЫ «БАЯН СҰЛУ» АҚ КОНДИТЕРЛІК ФАБРИКАСЫНДА БОЛЫП КЕТТІ.

2015 жылдың 19 ақпанында мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде Әсет Исекешев облыс әкімі Нұралы Садуакасовтың, ҚДБ басшысы Болат Жәмішевтің, ТӨК төрағасының орынбасары Рақым Ошақбаевтың қатысуымен «Бачн Сұлу» АҚ кондитерлік фабрикасында болды.
Фабрика басшылығымен болған кездесуде 2015 жылдың жоспары талқыланып, проблемелар мен оларды шешу жолдары тілге тиек болды.
Төраға Басқарма-Президенті Трайбер Виталий Андреевичтің айтуынша:
– қазір кәсіпорын Ресейге экспорттауды қалпына келтірді. Сыртқы факторлардың әсеріне қарамай мамандарды қысқарту жоспарда жоқ. Есесіне, биылғы жылда өндірісті модернизациялау бойынша аумақты бағдарлама іске асуда, жақын арада жоғарытехнологиялы жабдықтары бар тағы бір ірі цех іске қосылмақ