22.12.2017

Жылдың асыға күткен мерекелерінің бірі қарсы келе жатыр

Жылдың асыға күткен мерекелерінің бірі қарсы келе жатыр, оны дәті шыдамай, барлық балалар күтеді. Үлкен адамдардың міндеті бұл мерекені жарқын, ұмытылмас, бірақ ең бастысы қауіпсіз етіп жасау.

Жыл сайынғы жақсы дәстүр бойынша «Баян Сұлу» компаниясы Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, «Қауіпсіз Жаңа Жыл» науқанын жүргізе бастады, ол ел тұрғындарының өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға көңілін аудару мақсатымен ұйымдастырылған. Науқан шеңберінде ТЖ Комитетінің танымбелгісімен және «Қауіпсіз Жаңа Жыл» жазбасымен жаңа жылдық сыйлықтар шығарылған болатын. Тәтті сыйлықтарға ескерту сипаттағы ақпаратпен және құтқару қызметтерінің телефондарымен жаднама қоса салынған.

Сыйлықтарды науқан танымбелгісімен сатып алыңыздар