«Жалынды сөз»
Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Қазақстан Республикасы Егемендігінің 25 жылдығына арналған мәнерлеп оқудан «Жалынды сөз» жарысы болып өтті.
Тыңдаушылар мен қатысушылар Қостанай аймағының жас дарындары ауызынан Қазақстандық белгілі авторлардың туындыларын ықыласпен тыңдады. Әдебиет пен әсемдік бөлінбейді. Сондықтан да «Баян Сұлу» АҚ жастар бойына отандық мәдениетті сіңіре түсу жолында қала мен облыстың шығырмашылық топтарына ыстық ықылас көрсетіп, әрқашан әлеуметтік мәнді және біздің облыс тұрғындарының шығармашылығын арттыра түсуге үлесін қосатын жобаларды қолдайды. Осындай жарыстар мен әртүрлі шаралар шеңберінде Қостанай облысының және жалпы Қазақстан жастары өздерінің талаптары мен талғамдарын, шығармашылық қабілеттіліктерін қоғамға көрсете алады, қолдау көреді.
Қатысушылардың барлығы бір-бірінен асып түсті, сондықтан да қазылар алқасына жеңімпазды анықтау оңайға соқпады. Конкурсанттарға мадақтамалар мен сыйлықтардан басқа «Баян Сұлу» компаниясының тәттілері таратылды.