15.02.2019

«Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасы халықаралық, Ресей мен Шығыс Еуропадағы ең ірі «Продэкспо» көрмесіне қатысты.

Бұл азық-түлік және сусындар саласындағы аса мәртебелі жыл сайынғы оқиға және ол 25 жыл бойы көптеген елдердің тағамдық индустриясы дамуының бағдарын айқындайды.

Біздің фабрикамыздың осы көрмеге қатысуы әдеттегідей болып, біздің қызметкерлеріміз көрмеге әрбір рет сайын жаңа тауар түрлерін әкелгеніне мақтан етеміз, олар әрдайым біздің әріптестеріміздің және тұтынушыларымыздың жоғары бағалауына ие болады.
Бұл жолы осындай жаңалық ретінде «ALBO» кәмпиттері және глазурьленген вафельді «Самал» кәмпиттері болған еді.
Осындай деңгейдегі көрмелерге қатысу – бұл істің пайдасы ғана емес, бұл халықаралық ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан Республикасының мәртебесін де қолдау болып табылады.