15.09.2023

Душанбедегі көрме: Қазақстандық өндірушілер үздік ауыл шаруашылығының өнімдерін әкелді

Қазақстандық ауыр шаруашылығы өнімдері Душанбедегі Орталық Азия елдерінің тауар өндірушілерінің көрмесінде ұсынылды.  Алаң АӨК өнімдерін ілгерілетуге, сондай-ақ Орталық Азия аймағындағы кәсіпкерлер арасында іскерлік байланыстарды орнатуға және кеңейтуге ықпал етуі тиіс.

Выставка позволила представителям стран Центральной Азии и посетителям познакомиться с разнообразием и качеством казахстанской продукции

Қазақстандық стендтің жекелеген бөлігі астықты терең өңдеу өнімдерімен ұсынылды, олардың өндірушілері – «BioОperations» ЖШС және «Азия Агрофуд» АҚ.

Выставка в Душанбе

Отандық кәсіпкерлер инновациялық өнімдерін таныстырды. Көрмеге ірі қара мен ұсақ мал терісінен өндірілген жемшөп қоспалары әкелінді. Сондай-ақ «Элеватор Тайынша» ЖШС жем зауытының өнімдері қойылды. Дәстүрлі түрде Қазақстанның визиткалық карточкасы болып табылатын өнімдері – ұн, түйе және бие сүті, өсімдік майлары ұсынылды.

новые возможности для торговли и партнерства в Центральной Азии

«Баян Сұлу» АҚ фабрикасының кондитерлік өнімдері мен Қазақстанда өсірілетін француз жүзім сорттарынан өндірілетін «Silk Alley» ЖШС шарабы ерекше қызығушылық тудырды.

Жалпы, көрме Орталық Азия елдерінің жоғары лауазымды өкілдері мен  шараға келушілерді АӨК отандық өнімдерінің алуан түрі және жоғары сапасымен таныстырып, сауда мен әріптестік үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.

 

Фото ҚР Президентінің баспасөз қызметінен алынды

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/619444?lang=kk