21.08.2019

«ЭФКО»

2019 жылғы 14 тамызда Ресей мен ЕАЭО елдерінде мамандандырылған майлар мен маргариндер нарығының көшбасшысы «ЭФКО» компаниялар тобы «Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасының негізінде семинар өткізді. Аталған іс-шара шеңберінде, Топтың жетекші қызметкерлері сала туралы көкейтесті сұрақтарына жауап берді, өндірілетін май-тоңмай өнімінің сұрыпталымы жайында айтып берді және оған негізделген дайын өнімдерді көрсетті.

«Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасы көптеген жылдар бойы Қазақстанның кондитерлік өнімдері нарығында көшбасшылардың бірі болып саналады, өндіріс технологияларын үздіксіз жетілдіріп келеді және жаңа өнімдер желісін әзірлеп, өндіріс қуаттарын ұлғайту үстінде. «ЭФКО» компаниясы мен фабриканы бұрыннан бері жалғасып келе жатқан серіктестік қарым-қатынас біріктіреді: Топ 10 жылдан артық уақыт бойы «Баян Сұлу» фабрикасы үшін жоғары сапалы мамандандырылған майларды жеткізіп, технологиялық қолдаудың бірегей жиынтығын ұсынады.

«Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасы негізінде болып өткен семинарда, Компаниялар тобының қызметкерлері инновациялық тағам өнімдерін өндіру саласындағы әлемдік үрдістер, кондитерлік нарықтағы тұтынушылық жүріс-тұрыс трендтері мен ерекшеліктері сияқты бірқатар маңызды тақырыпты қозғады, «ЭФКО» май-тоңмай өнімдерінің сұрыпталымы туралы айтып берді және салындылар, глазурь және тағы басқалар үшін тоңмай таңдау жөнінде ұсыныстар берді.

Қазіргі сәтте, «Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасы өзінің өнімдерін Германия, Қытай, ТМД елдеріне жеткізеді және кондитерлік өнімдердің 300-ден артық түрін шығарады, олардың көбісі «ЭФКО» компаниясының тағамдық ингредиенттерін қолдану арқылы өндірілген. Семинардан кейін қазақстандық фабриканың сұрыпталымы жаңа түпнұсқалы өнімдердің арқасында кеңейтілетініне барлық мүмкіншілік бар.