Халықаралық қарттар күні.
2015 жылдың 1 қазанында фабрика дәстүрлі түрде Халықаралық қарттар күнін атап өтті. Біз қазіргі құрметті демалыстағы бұрынғы әріптестерімізбен (300 адам) кездескенімізге шын көңілден қуандық, олар үшін кондитерлік өнімдері бар тәттілерден және ақшалай сыйлық дайындадық.
Зейнет жасындағы қарттарымызға мерекелік дастархан жайып, әдемі әндер мен әсерлі әуендерге жалғасқан отырысқа қарттардың өзі белсене араласты. Қонақтар фабрика атына, оның басшылығына алғысқа толы көңілдерін білдірді, бүгінгі болып жатқан оң өзгерістергі таң-тамаша қалғандықтарын да жасырмады.
Қарттардың қам күйлерін бір көтеріп тастаған мейрам бәрімізге қуаныш пен көңіл толарлық әсерлер әкелді.