02.10.2014

Қарттар күні атап өтілді

Қарттар күні атап өтілді

2014 жылдың 1 қазанында фабрикада жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін – Қарттар күні атап өтілді. Оған құрметті демалыстағы және зейнеткер болса да еңбек етуді жалғастырып жатқан ұжым ардагерлері (275 адам) қатысты.
Зейнеткерлерге кондитерлік өнімдерден құралған сыйлықтар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
Содан соң мерекелік концерт басталып, оған жиналған ардагерлердің өздері белсенді түрде қызыға қатысты. Ән айтып, би билеген ардақты ардагерлер концерттен кейін жайылған дастарханға шақырылды. Фабрикаға талай жыл тер төгіп еңбек еткен аяулы жандар бір-бірімен сыр бөлісіп шұрқырасып, көңілді күймен бір жасап қалды.
Бұрынғы мен қазіргі фабриканы салыстыра отырып, ардагерлер ұжым басшылары мен өздерінің бұрынғы әріптестеріне шын көңілдерімен алғыстарын білдіріп, толағай табыстар тіледі. Фабрикадағы жаңашылдық пен алға басушылыққа таң қалуларын да жасырмады. 
Шын көңілден шыққан алғыстарын айтып, келешекке деген үлкен сеніммен  отбасыларына тарқасты.