Жеңіс күні – мәңгі жадымызда…
«Баян Сұлу» АҚ қызметкерлері Жеңіс күні қарсаңында ардагерлерді жыл сайын дәстүрлі түрде құттықтап келеді.
Мерекелік іс-шараға Ұлы Отан соғысы мен Ауған соғысының 32 қатысушысы шақырылған болатын. Құрметті қонақтарды құттықтауға компанияның бірінші жетекшілері, әкімшілік және кәсіподақ комитеті келді. Барлық ардагерлерге гүл шоғыры, тәтті сыйлықтар мен ақшалай сыйақылар табыс етілді. Олардың құрметіне Қостанай облыстық филармония әртістерінің қатысуымен концерт ұйымдастырылды. Іс-шара соңында мерекелік ас берілді. 9 мамыр күні «Баян Сұлу» АҚ қызметкерлер тобы Жеңіс саябағына келіп, қайтыс болған жауынгерлердің құрметіне гүл шоғырларын қойды.