08.06.2016

Балалар кітабы күні

Балалар кітабы күні

27 сәуір күні Бауыржан Момышұлы атындағы №5 орта мектепте кітап мерекесіне арналған салтанатты шара болып өтті. Бұл мерекеге «Баян Сұлу» АҚ басқармасының төраға Президенті Садықов Тимур Мейірханұлы және кондитерлік фабриканың басқа да өкілдері қатысты. Олар мектепке 70000 теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетті. Бұл қаржыға мектеп кітапханасына  қазақстандық «Атамұра», «Мектеп»,«Білім», «Алматыкітап», «Рауан», «Көшпенділер» баспаларының 71 дана және Кеңес одағының батыры, әскери жазушу Бауыржан Момышұлының 30 томдық шығармалары сатып алынды. Өз кезегінде Бауыржан Момышұлы атындағы №5 орта мектептің әкімшілігі демеушілерге зор алғыстарын білдіріп, баға жетпес сыйлықтар мемлекеттік тілдегі кітапхана қорын толтырып қана қоймай өскелең ұрпақты патриоттық сезімде тәрбиелеуге өз үлесін қосатынына сенімді екендіктерін айтты. 
Мерекелік шара соңында қонақтарға мектеп оқушыларының күшімен ұйымдастырылған концерт көрсетілді.