«Нұр Отан» ХДП партиясының делагаттары
2011 жылдың 23 желтоқсанында Республикалық сайлау алдындағы штабының жетекшісі Н.З. Нығматуллин бастаған «Нұр Отан» ХДП партиясының делегаттары кәсіпорынды аралады.
Еңбек ұжымы өкілдеріне президенттік партия бағдарламасының негізгі ережелері ұсынылды. Өз кезегінде бұл ұсыныс қызметкерлеріміз тарапынан қолдау тауып, Қазақстанның даму бағытына дұрыс таңдау жасағандарына тағы бір мәрте куә болды.