«Агроөнеркәсіп форумы-2013» көрмесі
«Баян Сұлу» АҚ кондитерлік фабрикасы 2013 жылдың 3-5 қыркүйегі аралығында Екатеринбург қаласында өткен «Агроөнеркәсіп форумы-2013» көрмесіне қатысты.
Аталмыш аймақта фабрика өнімі өзінің әрбір тұтынушысына танымал әрі ыстық – бұл сапа мен тіл үйірер дәмінің кепілдігі. Көрмеде «Казахстанский» шоколадының жиынтығы ерекше назарда болды. Оның сапасы жоғары бағаланып, алтын медаль мен дипломды иемденді.