29.11.2019

24 қазанда «Баян Сұлу» АҚ кондитерлік фабрикасында «Пятерочка» федералдық сауда желісінің жеткізушісі тарапынан аудит жүргізіліп, соның нәтижесі бойынша «Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасы Ресей Федерациясының ең ірі федералдық бөлшек сауда желісіне өнімдерді жеткізуге рұқсат алды.

Фабрика өнімдерді өткізудің жаңа мүмкіндіктеріне ие болды, енді Ресей Федерациясындағы жүз мыңдаған сатып алушы біздің даңқты фабрикамыздың өнімдерінен ауыз тиіп, тағы жүз мыңдаған сатып алушы балалық шақтан бері сүйіп ұнататын тәтті тағамдарға оп-оңай қол жеткізе алатын болды.

Біз, өнімдер экспортын кеңейту, сату көлемін ұлғайту, жұмыс орындарын көбейту бағытында үнемі жұмыс атқарып келеміз.

Біз, фабрикамыз бен еліміздің негізгі байлығы болып саналатын адамдарымыздың игілігі үшін халықаралық нарықтағы жағдайымызды нығайтып, кәсіпорнымыздың экономикалық жайғасымдарын күшейтіп, Қазақстанмен бірге алға жылжып келеміз.

Сіздің «Баян Сұлу».