27.05.2013

«WorldFood Azerbaijan 2013» ХІХ Халықаралық көрме

«Баян Сұлу» АҚ кондитерлік фабрикасы 21-24 мамыр аралығында Бакуде өткен «WorldFood Azerbaijan 2013» ХІХ Халықаралық көрмесіне қатысты.

Бізбен бірге көрмеге әлемнің 32 елінен келген 177 компания өз өнімдерін ұсынды. Әсіресе, Әзірбайжан Президенті Әлиев Ильхам Гейдар мырзаның келгені көрме экспоненттері үшін тосын сый болды. Біздің стенд ауыл шаруашылығы министрі Абасов Исмет Дурсун мырзаның назарын аударды. Ол ұсынылған тәттілерден дәм тата отырып, «Казахстанский» Dark тәтті шоколадына жоғар баға берді. Әзірбайжан Республикасында «Баян Сұлу» АҚ өнімін «VEYSELOGLU» ЖШҚ компаниясы таратады. Аталмыш компанияның арқасында кондитерлік өнімдеріміз бқл елде аса танымал әрі зор сұранысқа ие. «WorldFood Azerbaijan 2013» көрмесі халықаралық ынтмақтастық жолындағы байланыстарды одан әрі дамытуға орасан зор ықпал етті. Көрмеге белсенді қатысқаны үшін фабрикаға сертификат табыс етілді.