28.05.2012

«WorldFood Azerbaijan 2012» XVIII Халықаралық көрмесі

«Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасы Баку қаласында өткен WorldFood Azerbaijan 2012» XVIII Халықаралық көрмесіне қатысты.

Аталмыш көрме ағымдағы жылдың 15-17 мамыры аралығында өтті. «WorldFood Azerbaijan 2012» көрмесіне жақын және алыс шетелден келген өкілдер қатысты. «Баян Сұлу» АҚ Әзірбайжан Республикасында фабрика өнімін ұсынып келе жатқан «VEYSELOGLU» ЖШҚ компаниясымен бір жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Бұл көрмеге қатысудың ерекшелігі фабриканың халықаралық ынтымақтастыққа жол ашатыны сөзсіз. Көрме экспоненті мен әсем безендірулер мамандар мен іс-шара қатысушылары тарапынан жоғары бағаға ие болды. Көрмеге белсенді қатысқаны үшін фабрикаға сертификат табыс етілді.