16.04.2013

(«INTERFOOD-2013» ХVII азық-түлік, сусындар мен ингредиенттердің халықаралық көрмесі

«Баян Сұлу» АҚ кондитерлік фабрикасы 2013 жылдың 10-12 сәуір аралығында Санкт-Петербург қаласында өткен  «INTERFOOD-2013» ХVII азық-түлік, сусындар мен ингредиенттердің халықаралық көрмесіне қатысты.

Бұл аймақта біздің өнім алғаш рет ұсынылды, десек те, фабрикамыздың кондитерлік өнімдері кеңінен танымал екені белгілі. Көрме қатысушыларының пікірлеріне сүйенсек, өнімнің безендірілуі мен сапасы жоғары бағаға ие болды. Санкт-Петербург тұрғындары жақын арада фабрикамыздың өнімдеріне қол жеткізетін болады. Көрме жұмысына белсенді қатысқаны үшін фабрикамыз дипломмен марапатталды.