20.10.2026 15:00 Бүгін бізге Қазақстан Республикасы Халық Кеңесінің мүшелері, сондай-ақ ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Энергетика министрлігінің өкілдері келді.
Бүгін бізге Қазақстан Республикасы Халық Кеңесінің мүшелері, сондай-ақ ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Энергетика министрлігінің өкілдері келді.
Кездесудің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы «Қазақстанның жаңа тарихи кезеңдегі өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген міндеттердің мазмұнын түсіндіру, олардың өңірлерді дамытудағы маңызын талқылау, сондай-ақ халықтың ұсыныстары мен пікірлерін зерделеу.
Әбіл Еркін Аманжолұлы – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі.
Лаврентьев Андрей Сергеевич – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі.
Шиповских Геннадий Геннадиевич – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі.
Панбаев Азамат Серикович – Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитетінің төрағасы.
Жаркешов Санжар Серикбаевич – ҚР Энергетика вице-министрі.
Мекембаева Алия Есмұхановна – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы.
Қазақстан Халық Кеңесі – Қазақстан Республикасының жоғары конституциялық консультативтік органы. Ол 2026 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қоғам мен мемлекет арасында тікелей диалог орнату мақсатында құрылды. Ішкі саясат мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу, Құрылтайға заң жобаларын енгізу және референдум өткізу туралы бастама көтеру.



