«Баян Сұлу» «Кондитерлік астана» жобасының құрылысын бастады

Қостанайда жылына 13 мың тонна тәтті шығаратын жаңа өндірістік кешеннің алғашқы іргетасы қаланды.
14,3 млрд теңге көлеміндегі жоба аясында 260 жұмыс орны ашылып, өндіріс қуаты 100 мың тоннаға дейін артпақ. Бұл Қостанайды еліміздің басты кондитерлік орталығына айналдырады, достар!
Жаңа желілер өнім түрлерін кеңейтуге, сапаны жақсартуға, импортты алмастыруға және жаңа нарықтарға шығуға мүмкіндік береді.
Бүгінде «Баян Сұлу» фабрикасы вафли мен печенье өндірісінде көш бастап тұр, ал енді үлпілдек печенье мен бисквиттер сегментін бағындыруға дайын.
Сонымен қатар, бұл жоба – аймақ экономикасының, инфрақұрылымының дамуына үлес қоспақ.