28.09.2022

2022 жылдың қыркүйегінде «Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасы Мәскеуде өткен World Food Moscow 2022 халықаралық күзгі азық-түлік көрмесіне қатысты.

2022 жылдың қыркүйегінде «Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасы Мәскеуде өткен World Food Moscow 2022 халықаралық күзгі азық-түлік көрмесіне қатысты. “World Food Moscow 2022” көрмесі тамақ өнеркәсібі саласындағы көшбасшылар бас қосатын орын саналады. Көрмеде шет елдік және Ресейдің 40-тан астам аймағынан келген жетекші азық-түлік өндірушілері мен жеткізушілері азық-түлік өнімдерінің кең ауқымын ұсынды. «Баян Сұлу» фабрикасы кондитер саласындағы көшбасшылардың бірі ретінде осы беделді шараға Қазақстан Республикасы атынан қатысты. Аталған көрмеге тұрақты қатысатын біздің фабрика әр жолы серіктестерге жаңа өнім түрлерін ұсынады.

Осындай жоғарғы деңгейдегі көрмелерге қатысу – бұл жаңа серіктестер іздеу және байланыстарды нығайту ғана емес, сонымен қатар халықаралық ынтымақтастық аясында Қазақстан Республикасының беделін сақтауға үлес қосу әрі еліміздің экономикасы үшін тиімді әріптестікті дамыту.