23.07.2022

«Баян Сұлу» АҚ аралас жекпе-жек жұлдызы Шавкат Рахмоновпен әріптестікті бастайды. Шавкат Рахмонов «Баян Сұлу» фабрикасының бренд-амбассадоры болады.

«Баян Сұлу» АҚ аралас жекпе-жек жұлдызы Шавкат Рахмоновпен әріптестікті бастайды.

«Біз 1974 жылдан бері өз өнімін шығарып келе жатқан отандық кондитерлік фабрикамыз. Біз өз кәсібімізді, еліміздің абыройын асқақтатып жүрген азаматтарымызды мақтан тұтамыз. Бүкіл Қазақстан секілді «Баян Сұлу» да отандасымыз Шавкатты мақтан тұтады. Біз оның компаниямыздың бренд-амбассадоры болатынына қуаныштымыз. Шавкат – өз ісінің кәсіби маманы, күшті әрі өршіл спортшы, біздің Nomad. Оған тек жеңістер тілейміз!», – дейді «Баян Сұлу» АҚ-ның Басқарма төрағасы-президенті Тимур Садықов.

«”Баян Сұлумен” жұмысты бастағаныма өте қуаныштымын. Олардың тәттілері бала кезден біздің үйдің дастарханында тұрады. Енді мен ортақ ісімізге атсалысып жатқаныма қуаныштымын», – дейді Шавкат Рахмонов.

Айта кетсек, 2022 жылдың 25 маусымында Лас-Вегаста UFC турында қазақстандық спортшы америкалық Нил Магниді мерзімінен бұрын жеңіп, UFC-дің жартылай орта салмақтағы ресми рейтингінің 10-шы сатысына көтерілді. Бүгінге дейін Шавкат Рахмонов 16 жекпе-жек өткізіп, 16 рет жеңіске жетіп, бүгінге дейін жекпе-жекте жеңіліп көрмеген.