Кәсіпкерлер палатасы Қостанай облысының ең үздік өнім өндірушілерін атап өтті.

Биылғы жылы «2016 жылғы Қазақстанның үздік тауары сайысына 20 компания тапсырыс берді: Бұл- шұжық, кондитерлік, сүт өнімдерін, автомобиль, сусындар мен ауыз су, өсімдік майларын, тауық жұмыртқаларын, косметикалық өнімдерді, киім және басқа да өнімдерді шығаратын фирмалар. Сараптама тобы дәстүрлі түрде үш номинация бойынша жеңімпаздарды анықтады. Лауреаттар 29 тамыз күні «Мирас»МҮ өткен Конституция күніне арналған салтанатты жиылыста марапатталды. Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов «2016 жылғы Қазақстанның үздік тауары» аймақтық сайыс-көрмесінің жеңімпаздарын мерекемен құттықтап, марапаттады. Халық арасында белгілі «Ең үздік азық-түлік тауарлары» номинациясында Қазақстанның кондитерлік өнімдерін шығарушы ірі кәсіпорны «Баян Сұлу» АҚ ең үздік деп танылды.
Сайыс ұйымдастырушылар сайыс-көрме барысында ең жоғары көрсеткіштерді көрсеткен кәсіпорындарға мадақтау сыйлықтарын тағайындады.
Негізгі номинациялардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері республикалық сайыста облысты ұсынады.