2015 жылдың 31 қаңтарынан 24 ақпанына дейін Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Баян Сұлу» – тәтті өмірге толы 40 жыл» атты фабриканың тарихына арналған көрме болып өтті.
2015 жылдың 31 қаңтарынан 24 ақпанына дейін Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Баян Сұлу» – тәтті өмірге толы 40 жыл» атты фабриканың тарихына арналған көрме болып өтті.
Біздің кәсіпорынның өмірге келуі, дамуы және қол жеткен табыстары жайлы әңгімелейтін көрнекі көрмені 9 882 адам келіп тамашалап, 47 экскурсия жүргізілген екен. Бұл шара туралы келушілер өздерінің жақсы ықластарын білдірді. Әрине өзіңнің тұтынатын өніміңнің сапасы мен шыққан тегі туралы білгенге не жетсін, оның үстіне біздің өнімді еліміздің тұтынушылары ғана емес, алыс-жақын шетелдіктер де жақсы біледі және сүйсіне тұтынады.